Елордада Журналистер үйі ашылады

638

Журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды

Елордада Журналистер үйі ашылады

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті, деп хабарлайды "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы" баспасөз қызметі.

Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы З. Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді.

"Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған
қауымның ынтымағын арттыра түсер еді", – деді Зейін.

Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты.

Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкімі А.Көлгіновке қолдауы үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу