Астана әкімдігі "Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын ілгерілету мақсатында "Еңбек жолы" байқауы басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Байқау - "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің үздік жас маманы","Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" деген 3 аталымнан тұрады.
Байқауда еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері, жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 10 маусымынан бастап 2 шілдеге дейін жүргізіледі.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғаубасқармасы), 21-61-50 (Астана қаласының Кәсіподақ орталығы), 91-90-86 (Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы)телефондары арқылы алуға болады.