Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған", – деп жазылған қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.
Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Дүйсенбаев көшесінде Аспара мен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу