"Қазіргі уақытта 300 шақырым ішкі газ тарату желісі төселді.Қазір техникалық шарт беру, жеке секторды газға қосу жұмысы жүріп жатыр", - деді әкім.
Алтай Көлгіновтің сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласын газдандыруға қатысты толық ақпарат алдағы уақытта әкімнің есебінде жарияланады.
Шаһар басшысы 2020 жыл қиын жыл болғанын атап өтті.
"2020 жыл пандемия, карантин сынды қиындықтарға толы болғанмен, алдымызға қойылған міндетті тиісінше орындадық. Атқарылған, орындалған іс бойынша болашақта толық ақпарат береміз", - деді Алтай Көлгінов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу