Елордаға Қытай дәрігерлер тобы келді

1371

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және "СҚ-Фармация" ЖШС-мен бірге Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек қабылдау бойынша белсенді және жүйелі жұмыс атқаруда.  

Елордаға Қытай дәрігерлер тобы келді

Коронавирусты емдеуде Қазақстан дәрігерлеріне консультациялық және практикалық қолғабыс көрсету және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2020 жылғы 9 сәуірде Қытай Халық Республикасынан Нұр-Сұлтанға арнайы бортпен Қытай дәрігерлер тобы келді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Топ коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны емдеу бойынша бай тәжірибесі бар жоғары білікті медициналық қызметкерлерден құралған. Қытай дәрігерлері Қазақстан әріптестерімен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін болады.

Осы рейспен медициналық қорғау заттары түрінде салмағы 4 тоннадан астам Қытай Халық Республикасы Үкіметінің гуманитарлық жүгі жеткізілді (өкпені жасанды желдету аппараттары, хирургиялық бетперделер, қорғау костюмдері).

Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың коронавирус індетімен күрестегі ынтымақтастығы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҚХР Президенті Си Цзиньпенмен (24 наурыз) телефонмен сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясында белсенді түрде іске асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу