Елордалық емханалар ашық есік күнін өткізеді

911

Елордалық емханалар ашық есік күнін өткізеді

3 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде "Денсаулық" акциясы ұйымдастырылады. Таңғы сағат 9-дан қаланың барлық емханаларында халық үшін ашық есік күні басталады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Бұл күні қала тұрғындары кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, онколог мамандардың кеңесін ала алады. Сондай-ақ, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылады.

"Елорда емханаларында мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіліп тұрады, мысалы, қан айналымы жүйесі ауруларының, инсульттың, бронхиалды астманың, онкологиялық аурулардың, соның ішінде сүт бездерінің қатерлі ісігі, туберкулез, қант диабеті және т.б. аурулардың алдын алу. Барлық акциялардың басты мақсаты қоғамның назарын аурулардың өршуінен туындайтын өзекті мәселелерге аудару; ауыру қаупі жоғары топтарды медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы ақпараттандыру, және қазақстандықтардың өз денсаулықтары үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыру", – деп атап көрсетті Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.

Шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы. Акция сағат 13-ке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу