Елордалықтар электр автобусына отыратын болды

550

Қала әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустардың техникалық жай-күйімен танысты.  

Елордалықтар электр автобусына отыратын болды

Нұр-Сұлтанда 1 000 электр автобус пайдалануға беріледі. Оның 15-і бүгін жолға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

 "Жайлы әрі дыбыссыз электр автобустардың басты артықшылығы – атмосфераға зиянды қалдық шығармайды және үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни дизель қозғалтқышпен салыстырғанда автобус паркіне 80% жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді", – деп жазылған әкімдіктің Instagram парақшасында.

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітовтің айтуынша, электр автобустар қызмет көрсетуде де ерекшеленеді. "Онда май немесе басқа да сұйықтық ауыстырудың қажеті болмайды. Пайдалануға берілгеннен кейінгі шығыны 80 пайызға дейін үнемделеді. Егер дизель моторлысының шығыны тәулігіне 22-25 мың теңгені құраса, электрбустардың шығыны одан 4-5 есеге аз болады. Конструкцияны тәулігіне бір рет түнгі уақытта қуаттау жеткілікті. Яғни автобусты күндізгі уақытта қуаттаудың қажеті жоқ, ол бір күнге толық жетеді", – деді Бауыржан Сейітов.

Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен және баласы бар жолаушыларға арналған орындармен жабдықталған. Орындықтардың тұсында мобильді телефондарды қуаттауға болады. ⠀

Электравтобустар қазақстандық "СарыарқаАвтоПром" компаниясында құрастырылған. Жаңа автобус автопаркті жаңартуға, аялдамадағы күту уақытын, интервалды азайтуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу