Елорданы су соратын 100 техника тазартып жүр

949

Бүгін әлеуметтік желілерде қаланы басып қалған мол су туралы бірнеше видео жарияланды.  

Елорданы су соратын 100 техника тазартып жүр

Нұр-Сұлтанда күн күрт жылынып, ауа температурасы көтерілді. Осының салдарынан қаладағы қалың қар еріп, жолдар мен аулаларды қар суы басып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, шаһарда су соратын арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

"Ауа райының күрт жылынуына байланысты қалада су жинауға 100-ден аса ассенизаторлық машина шықты", – деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу