15 ақпаннан бастап қаладағы көлік құралдарының қозғалысын оңтайландыру мақсатында Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде біржақты қозғалысты енгізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда әкімдігі тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қиын қозғалыс туралы көптеген өтініштер келіп түскенін алға тартады.
"Нәтижесінде, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешімді қабылдады",– дейді әкімдіктен.
Біржақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады.