Елорданың ірі сауда желілері шекті сауда үстемесінің мөлшерін төмендетті

1061

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын – монополияға қарсы комплаенсті бұзудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар шеңберінде "Magnum Cash&Carry" ЖШС сауда желілері "Скиф Трейд" ЖШС, "METRO Кэш энд Керри" ЖШС, "Анвар" ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан 10%-ға дейін өз еркімен төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың ірі сауда желілері шекті сауда үстемесінің мөлшерін төмендетті

Айта кетейік, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілгендей сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Сонымен қатар нарық субъектілері қабылдаған монополияға қарсы комплаенс әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу нарығындағы соңғылардың адал бәсекелестікті сақтау бөлігіндегі мінез-құлық қағидаларын белгілейді. Осылайша, аталған нарық субъектілері бәсекелестікті шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер мен картельдерге, оның ішінде өнімдерге негізсіз бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша қатысуға жол бермеу бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өткізу нарығында жоғарыда көрсетілген субъектілердің үлесі 88%-ды құрайды, бұл оларға сатудың жалпы шарттары мен баға деңгейіне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлерді азық-түлікке жоғары үстемеақы белгілеу фактілерін уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу