"9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин жеке құрамға елордалық ТЖД-ның жаңа басшысын таныстырды" делінген қалалық департамент таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Қуанар Бекенұлы 1967 жылы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген.
2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған.
1994-2000 жылдары инспектор, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, Петропавл қалалық күзет бекетінің бастығы болып жұмыс істеді.
2000-2005 жылдары Петропавл қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде бастық болды.
2005-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы, 2012-2015 жылдары Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеген еді.