Ең белсенді сайлаушы естелік сыйлыққа ие болады

732

2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысып, дауыс беру үшін әркім өзінің сайлау учаскесін білуі шарт. 

Ең белсенді сайлаушы естелік сыйлыққа ие болады

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, әрбір елорда тұрғыны үйден шықпай-ақ, сайлау учаскесін біле алады. Ол үшін қалалық әкімдіктің astana.gov.kz веб-порталына кіріп, "Өз сайлау учаскеңді тап" баннерін таңдауы керек. 

Сондай-ақ, сайлау учаскелері туралы мәліметті Smart Astana мобильді қосымшасы ("Қалалық қызметтер" бөлімінде) мен @smartastana_bot телеграм-боты арқылы да көруге мүмкіндік бар. 

Ал интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ тұрғындар iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, ақпарат алуға болады. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сайлау учаскесін онлайн арқылы тексерген тұрғындар арасында "Белсенді сайлаушы" акциясын ұйымдастырмақ. Акция шартына сәйкес, әрбір бес мыңыңшы қолданушы естелік сыйлыққа ие болмақ, іс-шара 5 қаңтар күні қорытындыланады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу