Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайда өткен брифингте ең төменгі жалақы деңгейін арттыру ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы деңгейі 85 мың теңгеден көтерілмей ме деп нақтылады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін екені айтылған болатын.
"Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз", – деп жауап берді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева "2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша бірінші оқылым 14 қазанда болатынын айтты.
"Бірақ бірінші оқылымға дейін шығыстың, кірістің, бюджеттің негізгі параметрлерін ғана қарастыратын боламыз. 14 қазаннан кейін салыстырмалы кестені талқылауға көшеміз. Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз", – деді Татьяна Савельева.
"Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз", – деп жауап берді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.