Нұр-Сұлтанда еңбек қатынастарын қалалық Кәсіподақтар орталығы қадағалайды. Бүгінде ол 454 бастауыш кәсіподақ ұйымын және 102 919 кәсіподақ мүшелерін, яғни әртүрлі саланың жұмысшыларын біріктіреді.
"Көбінесе бізге жалақыны кешіктіріп төлеу, еңбек келісімшартын бұзу және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша хабарласады. Өткен жылы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ҚР Жоғарғы Сотымен меморандумға қол қойды және оның аясында біздің Кәсіподақтар үйінде Татуластыру орталығы ашылды. Бұл орталық тек еңбек сипатындағы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық, отбасылық және әкімшілік кеңес береді. Онда медиаторлар, заңгерлер, психологтар жұмыс істейді",– дейді Нұр-Сұлтан қалалық кәсіподақ орталығының төрағасы м.а. Төлеген Күнәділов.
Оның айтуынша, екі жыл ішінде Татуластыру орталығына бес мыңға жуық өтініш түскен. Олардың тек 5%-ы шешім таба алмады, қалған жағдайларда даулар сотқа дейінгі келіссөздер барысында шешілді.
Елорда әкімдігінің ресми сайтында өткен жылы қалалық Кәсіподақтар орталығы 80 мыңнан астам семинарлар мен тренингтер өткізіп, 1500 мыңнан астам адамды қамтығаны жазылған. Биыл пандемияға байланысты орталық жедел хабарламалар, интернет-платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы тәулік бойы кеңес берді.
Сонымен қатар ұйым әлеуметтік серіктестік жөніндегі қалалық комиссияда қызметкерлер мүддесін қорғайды.