Еңбек министрлігінде мемлекеттік тілге байланысты байқау өтті

1315

ҚР Еңбекминінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.  

Еңбек министрлігінде мемлекеттік тілге байланысты байқау өтті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарының шеңберінде қызметкерлер арасында "Латын әліпбиіндегі ең үздік аударма" байқауы өтті, деп хабарлайды enbek.gov.kz сайты.

Әкімшілік жұмыс департаменті ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің 12 қызметкері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынға Комитеттің бас сарапшысы  Жанерке Шуақбай және Заң қызметтері департаментінің бас сарапшысы Бейбіт Құндызбаев ие болды.

Екінші орынды Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Аяулым Берекенова мен Заң қызметтері департаментінің бас сарапшысы Перизат Молдахметова иеленді.

Үшінші орын Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Ақылбекұлы Жандербек және Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің бас сарапшысы Айнұр Ермахановаға бұйырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу