Еңбекақымыз Ресейден гөрі жылдам өсіп келеді

771

Биылғы үшінші тоқсанның (жаз маусымы) қорытындысы бойынша, халыққа берілетін кредиттер көлемі 9,6 трлн теңгеге жетті. Қарыздардың 30,2%-ы – ипотека, 58,1%-ы – тұтынушылық кредит, 11,5%-ы жеке тұлғалардың өзге де қарыздары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.

Еңбекақымыз Ресейден гөрі жылдам өсіп келеді

Жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда орташа статистикалық қарыз 1,09 млн теңге болды. Бұған көлемі бойынша "ауыр" ипотека, кепілсіз қарыздар, автокредит және басқалары қоса кіреді. Мұндай қарыздың орташа айлық жалақыға (ЖМП) қатынасы – 4,47 құрайды (ипотеканы есепке алмағанда көрсеткіш – 3,11, ал "таза" тұтынушылық қарыздар бойынша барлығы – 2,6 ЖМП). 

Өткен жылдарды шолып шығайық. Бір жыл бұрын жұмыспен қамтылған қазақстандыққа бір орташа статистикалық қарыз орташа айлық жалақының 3,96-сын, 2015 жылы – 3,88 ЖМП, 2012 жылы 3,04 ЖМП болды. Жалпы он жылда көрсеткіш аз ғана өзгерген. Ал жеке тұлғалар үшін несие нарығы пайдалы да болды. Мысалы, ипотека, автокредит жақсы болды. Алайда бұл халықтың жалпы несиелік жүктемесіне аздап әсер етті.

Көрші елмен салыстырайық. Ресейде, 2021 жылдың сол үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, халыққа берілетін қарыздар – 23,5 трлн рубльді, жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда бұл сома 325,5 мың рубльге жетті (яғни 1,9 млн теңгеден астам). Орташа жалақыға қатысты орташа статистикалық қарыз – 6,05 ЖМП. Бір жыл бұрын көрсеткіш – 5,58 ЖМП, 2015 жылы – 4,46 ЖМП, он жыл бұрын 3 ЖМП болған.

Қазақстанда үшінші тоқсанында атаулы орташа айлық жалақы 243,7 мың теңгеге жетті (бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 19,3%-ға артық). Ресей Федерациясында жалақы 53,8 мың рубль болды (бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,7%-ға көп).

Сонымен қатар ҚР-да жалақының сатып алу қабілетінің ұлғаюын көрсететін инфляцияны ескере отырып, нақты өсім, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша – жылына 9,8%. Бұл нақты өсім туралы айтпағанда, РФ-дағы номиналды өсімнен де жоғары.

Ресей Федерациясында үшінші тоқсандағы деректер жоқ, бірақ бірінші жартыжылдықтағы мәліметтер бар. Осы кезеңнің нәтижелері бойынша ресейлік жалақының сатып алу қабілетінің өсуі жылына тек 3,4% болған. 

Жалпы жалақының нақты өсуі және сәйкесінше, олардың ҚР-дағы сатып алу қабілеті соңғы жылдары ресейлік көрсеткіштерден тұрақты асып түсті. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық жалақының сатып алу қабілеті 7,3%-ға, ресейлік жалақының сатып алу қабілеті тек 3,8%-ға өсті. 2019 жылы ҚР-да нақты өсім – 8,5%, РФ-да 4,8% болды.

Осылайша, Қазақстандықтардың төлем қабілеттілігі ресейліктерге қарағанда едәуір жылдам өсіп келеді. Бұл азаматтардың өсіп келе жатқан кредиттік жүктемесін жеңілдетуге көмектеседі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу