ЕО Brexit бойынша келіссөздердің екінші кезеңін мақұлдауға дайын

688

Борис Джонсон жетекшілік ететін консерваторлар көш бастап келеді.

ЕО Brexit бойынша келіссөздердің екінші кезеңін мақұлдауға дайын

Брюссель Британияның одақ құрамынан шығуы жөніндегі өкілі Мишель Барньеге сауда келісімі бойынша келіссөздердің екінші кезеңіне мандат беруге әзір. Белгияның премьер-министрі Софи Вильмес Еуроодақ саммитінің екінші отырысында осылай деді. 

"Біз британиялық дауыс берушілердің қалауын көрдік. Олардың талабы орындалуы тиіс. ЕО келіссөздердің екінші кезеңіне мандат береді. Ең бастысы осы келіссөздерде одақтың Лондонмен тіл табысуы керек", – деді Вильмес.

Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздер британиялық парламент Еуроодақтан шығу туралы келісімді ратификациялағаннан кейін басталады. 

Айта кететін жайт, 12 желтоқсанда өткен сайлаудан қорытындысы бойынша, Борис Джонсон жетекшілік ететін консерваторлар көш бастап келеді. Алдын ала дерекке сүйенсек,партия британиялық парламенттің қауымдар Палатасындағы 650 мандаттың 363-іне ие болмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу