"Коронавирус инфекциясы таралуының өсуі бүгінде барлық өңірде тіркеліп отыр. Сондықтан, жаңа Атырау облысының әкімі айтқандай, өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзбен келісуге болмайды. Бұл Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына тікелей байланысты", – деді ол.
Ералы Тоғжановтың пікірінше, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға қарай карантиндік шектеу шараларын күшейту қажет.
"Біріншіден, "қызыл" аймаққа кірген өңір әкімдеріне денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша карантиндік шараларды қатаңдатуды, екіншіден, "сары" аймақтағы өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шектеулерді күшейту бойынша нақты ұсыныс енгізуді және оған дайықты пысықтауды, үшіншіден, барлық өңірлер инфекцияны жұқтырған және науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау шараларының тиімділін арттыруды қолға алуы керек", – деді Ералы Тоғжанов.
Қанат Махамбет