Еріктілерге ұзақмерзімді грант бөлу керек – Президент

521

Қайырымдылық жасап жарысып жүргендердің өзіне көмек қажет.

Еріктілерге ұзақмерзімді грант бөлу керек – Президент

Бір жыл бұрын елімізде  "Волонтерлік қызмет" туралы заң қабылданып, еріктілердің қолайлы ортада жұмыс істеуіне жағдай жасалуы керек еді.  Мәселен, жергілікті атқарушы органдар бұл ұйымдарға қойма беру мәселесін шешуге міндеттелген. Алайда заң қағазда бар, іс жүзінде жоқ болып шықты.

Жауапты жұмыс, сауапты іс атқарып жүргендерді толғандырған тағы бір мәселе - мемлекеттік сақтандыру. Төтенше жағдай кезінде де бірінші көмекке ұмтылатын осы волонтерлер. Сондықтан басымызды қатерге тіксек те, өміріміз мемлекет қорғауында болса екен, дейді. Осы тұста Президент қайырымдылық ісін қалай реттеу қажеттігін тізбектеп берді.

"Еріктілік мен қайырымдылық ісін есепке алатын жүйені кезең-кезеңімен енгізу қажет. Одан бөлек волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жекеменшік грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы уақытта болған әрбір оқыс оқиға еліміз еріктілерге қаншалықты қарыздар екенін көрсетті. Жақында ғана Абай облысына аттанып, өрт сөндірушілердің киім-кешегі мен жейтін тамағын түгендеген осылар. Сондықтан волонтерлік қозғалысқа серпін беріп, қарқынды өсуі үшін қабылданған шешім қағазда қалмауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу