Ертең Қанат Ислам мен Аллотейдің салмақтары өлшенеді

1237

Ертең Қанат Ислам мен Аллотейдің салмақтары өлшенеді

Ертең Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімі ертең, яғни 28 қазан күні сағат 11:00-де "Mega park" сауда ойын-сауық орталығының 3 қабатында өтетіні белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда "Алматы арена" спорт кешенінде өтеді.

Бұл күні Қанат Исламнан бөлек, Жәнібек Әлімханұлы,  Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлының кәсіби бокстағы айқастарын тамашалайтын боламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу