Дэвид Набарро "омикрон" штамының таралуына байланысты алаңдаушылық білдірді

981

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға қарсы арнайы өкілі Дэвид Набарро "омикрон" коронавирус штамының таралу жылдамдығы өте жоғары екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Интерфаксқа сілтеп.

Дэвид Набарро "омикрон" штамының таралуына байланысты алаңдаушылық білдірді

Ол коронавирусқа "ешқашан дәл мұнша алаңдамағанын" айтады. Набарро "омикронға" байланысты халықты вакцинациялауды, соның ішінде вакциналардың үдеткіш дозаларын таратуды жалғастыру керек деп түсіндірді.

Сонымен қатар барлық адамға әлеуметтік байланыстарды азайту арқылы вирустың таралуын азайту қажет екенін ескертті.
Ол болашақта жағдайдың қаншалықты ауыр болатынын білмейтінін мойындады. Бірақ оның сөздерін байыпты қабылдауға шақырды.

"Менің ойымша, алдағы апталарда қиындықтан болады", – деп түйіндеді ол.

"Омикрон" қараша айында Африканың оңтүстігінде анықталды. Мамандар бұл қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Өйткені ол пандемия кезінде ғалымдар анықтаған басқа штамдарға қарағанда тезірек таралады және көптеген мутацияларға ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу