"Есінен адасты": Трамп Масктың партия құру туралы шешімін сынға алды

247

Ақ үй басшысы желіде бұрынғы одақтасына жазба арнады. 

"Есінен адасты": Трамп Масктың партия құру туралы шешімін сынға алды Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Масктың жаңа партия құру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Илон Масктың есінен адасқанын көру көңілімді құлазытты. Ол тіпті жаңа саяси партия құрғысы келеді екен. Алайда АҚШ-та үшінші партиялар ешқашан табысқа жеткен емес. Біздің жүйе ондайға арналмаған тәрізді", – деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Маск пен Трамптың араздығына салық пен мемлекеттік шығындар туралы заң себеп болды. Қос тарап бұл құжатқа қатысты ортақ түсінікке келе алмады.

Бұған дейін Илон Маск жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеген болатын. Ол "Америка партиясы" деген атауға ие. 

Айта кету керек, мамыр айының соңында Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі өкілеттігі аяқталып жатқанын хабарлады. Кейін миллиардер Маск Трамптың салыққа қатысты жаңа заң жобасын сынға алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу