Етті көп тұтынатын өңірлер аталды

346

Ет пен ет өнімдері бір жылда 8,6%-ға қымбаттаған.

Етті көп тұтынатын өңірлер аталды Фото: inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 57,4 мың тонна ет өндірілді. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,4%-ға көп, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қостанай облысы өзге өңірлерге қарағанда етті ең көп өндірді: 10,1 мың тонна. Үздік үштік қатарында Солтүстік Қазақстан (8 мың тонна) және Ақтөбе (7,8 мың тонна) облыстары бар.

Былтыр республика бойынша өндірілген ет көлемі 73,1 мың тоннаны құрады. 

1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 9,2 млн бас ірі қара мал бар. Бұл былтырғыға қарағанда 2,9%-ға көп.

Ресурстың жазуынша, жылқы (4,1 млн басқа дейін), түйе (278,6 мың басқа дейін), қой (21,8 млн басқа дейін) және құс (4,2% - ға, 52,1 млн басқа дейін) саны өскен.

Екінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес,  ет пен ет өнімдерін тұтыну бір адамға шаққанда орта есеппен 19,7 келіге жетті: +3,5%.

Республика тұрғындары сиыр етін көп тұтынады: тоқсанына 6,1 келі. Бұдан бөлек жылқы еті (1,4 кг) мен қой еті (1,4 кг) де үлкен сұранысқа ие.

Ет өнімдерінің ішінде қазақстандықтар көбінесе тартылған етке (бір адамға орта есеппен 1,8 кг), жартылай ысталған шұжыққа (988 г), қайнатылған шұжыққа (663 г), шұжықтар мен сарделькаларға (533 г), сиыр бауырын (185 г) басымдық берген.

Республика бойынша Атырау облысының тұрғындары етті көп тұтынады. Үздік үштік қатарында Ақмола мен Маңғыстау облыстары бар.

Қыркүйекте ет пен ет өнімдерінің бағасы бір жылда 8,6%-ға артқан.

Өңірлік бөліністе бағаның айтарлықтай қымбаттауын Ақмола облысының тұрғындары сезінді: +13,9%. Антилидерлер қатарында Алматы облысы (12,2%) және Астана (11,8%) бар. Ең аз жылдық өсім Шымкентте тіркелді: 3,1%-ға.

Айта кету керек, осыған дейін Франция Қазақстандағы жылқы етіне қызығушылық танытып отырғанын жазған болатынбыз. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, елімізде жылқы еті бойынша өте жақсы көрсеткіштер байқалып отыр. Бұдан бөлек жылқы басының саны да артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу