Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар айналымы 14% ғана құрайды

853

Еуроодақтағы тауар айналымы барлық сауданың 63% тең.

Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар айналымы  14% ғана құрайды

Еліміздің сыртқы сауда көлемі 7,4% азайды. Жағымсыз жаңалықты сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жариялады. 

Министрдің мәлімдеуінше, көрсеткіштің төмендеуіне пандемия әсер еткен. 

"Әлем экономикасындағы сауда қарқынының бәсеңдеуі салдарынан I жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 7,4%  төмендеді. Өкінішке қарай, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы құлдырау 10% жетті. Біздің ел үлкен, ал халықтың орналасу тығыздығы төмен. Қалалар бір-бірінен және сыртқы нарықтан шалғай орналасқан. Сондықтан бізде бәсекеге қабілетті өнім өндіру ғана емес, дайын өнімді нарыққа шығару, шетелге өткізу мәселесі бар. Еуропа мен АҚШ-қа тауар жеткізу өте қиын шаруа", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, бізге көрші елдермен сауда жасаған тиімді. 

"Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы барлық сауданың 63% тең. Өкінішке қарай, Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар айналымы 
14% ғана құрайды. Пандемия кезінде бұл көрсеткіш тіпті төмендеп кетті", – деді министр

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу