Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның сыртқы саудасындағы бес негізгі үрдісті атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сарапшылар екінші жыл қатарынан рекордтық тауар айналымын атап өтті. 2023 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 125,9 млрд долларға жетті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артық.
Сонымен қатар, бұл – көрсеткіш сыртқы әлеммен сауданың рекордтық көлемі және импорттың 20,4%-ға өсуімен байланысты болса, елдің экспорты 8,5%-ға төмендегені атап өтілді.
Сондай-ақ, сарапшылар импорт төртінші жыл қатарынан рекордтар жаңартып жатқанын байқады. Мәселен, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанға импорт 54,6 миллиард долларға жетті, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға артық. Бұл – шетелден елге автокөліктер мен жоғары технологиялық тауарларды жеткізуді ұлғайту арқылы өскен импорттың рекордтық көлемі.
Экономистер атап өткен үшінші тренд – басты сауда серіктесінің ауысуы. 2022 жылға дейін елдің негізгі сауда серіктесі Ресей елі болса, оның үлесі жыл сайын 20-24%-ға дейін жетті. Алайда, 2022 жылғы геосаяси өзгерістер Қазақстанның 2023 жылғы негізгі сауда серіктесі – Ресейдің 19%-на қарсы 22 пайыздық үлеспен Қытай болып табылады.
Бұдан басқа, сарапшылар экспорттың құлдырауын мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырды. Олардың пікірінше, Қазақстанның экспорты 11 айда 8,5%- ға, яғни 71,3 миллиард долларға дейін төмендеді. Бұл – бірінші кезекте мұнай кірісінің 12,4%-ға 38,3 миллиард долларға дейін төмендеуімен байланысты. Бұл ретте, тоннада қазақстандық мұнай экспорты 7,2%-ға 60,5-тен 64,9 миллион тоннаға дейін өсті.
Қорытындылай келе, мамандар шикізаттық емес тауарлардың экспорты төмендегенін түсіндірді. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ҚР-дан шикізаттық емес тауарлардың экспорты 4,5%-ға 22,8 миллиард долларға дейін төмендеді. Негізінен, бұл аралық тауарлар (жартылай фабрикаттар) экспортының 7,2% - ға 18,2 миллиард долларға дейін төмендеуіне байланысты. Мысалы, негізгі металдардың шетелдік сатылымы 9,3%-ға 12,4 миллиард долларға дейін төмендеді, ал мұнай өңдеу өнімдерінің экспорты 34,2%-ға 1,5 миллиард долларға дейін төмендеді.