Еуроодақ АҚШ-қа қарымта баж салығын енгізуді кейінге қалдырды

192

Олар Вашингтонмен келіссөздер үстеліне отыруға дайын.  

Еуроодақ АҚШ-қа қарымта баж салығын енгізуді кейінге қалдырды Фото: adyrna.kz

Еуропалық Одақ АҚШ-тан келетін тауарларға қарымта баж салығын енгізуді 90 күнге шегереді. Бұл туралы 10 сәуір күні Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз президент Трамптың мәлімдемесін назарға алдық. Біз келіссөздерге мүмкіндік бергіміз келеді. Әзірге біз ЕО-ның мүше елдерінен қолдау тапқан контршараларды қабылдауды 90 күнге шегереміз", - деді Еурокомиссияның төрағасы.

Саясаткердің сөзінше, келіссөздер өз нәтижесін бермеген жағдайда, қарымта шаралар күшіне енеді.

"Бұған дейін айтқанымдай, келіссөздер үстелінде барлық нұсқа қаралады", - деп атап өтті Урсула фон дер Ляйен.

Бұған дейін ЕО сауда мәселелері жөніндегі комиссары Марош Шефчович Брюссель 15 сәуірден бастап АҚШ-тан келетін тауарларға қарымта баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл джинсы, шарап, жержаңғақ майы, мотоциклдер және басқа тауарларға қатысты. Оның айтуынша, толық тізім кейінірек белгілі болуы тиіс.

Негізінен АҚШ-тан келетін басқа тауарларға қатысты баж салығы мамыр айының ортасында күшіне енуі тиіс болатын.

Айта кету керек, осыған дейін Еуроодақ АҚШ-қа қатысты күтпеген шешім қабылдағанын жазғанбыз. Трамп Қытаймен арадағы сауда соғысын ушықтыратын шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу