ЕО-ның ең ірі автомобиль өндірушілері 2040 жылға қарай бензин мен дизельді қозғалтқыштары бар жүк көліктерін сатудан бас тартады. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
Мұндай келісімге Daimler, Scania, Man, Volvo, Daf, Iveco және Ford компаниялары қол қойды. Альянс аккумуляторлық технология өнімдеріне, сутекке ,жанармайдың экологиялық таза түрлеріне бет бұрмақ.Бірлестік жаңа технологияларға 50-100 миллиард еуро жұмсайды. Автоөндірушілер көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған салықты көбейту жағын ұсынды.
Бұған дейін Франция билігі электр көліктерін сатып алуды субсидиялау туралы шешім қабылдаған еді. Бұл елде ескі электромобильдерді сатып алғандарға мың еуро төленбек. Елдің көлік істері жөніндегі министрінің айтуынша, биыл Францияда 100 мың электр көлігін сату жоспарланып отыр. Электромобильдерге арналған 500 қуаттандыру станциясын салуға шамамен 100 миллион евро жұмсалады.
Табиғат Нұрболат
Фото: transportenvironment.org