Stoke.kz бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Шетелдік фактчекерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Капитан Билл Урбан бұған дейін PolitFact басылымына берген сұхбатында балалар саудасы мен қару-жарақ тасымалдау туралы ақпарат қауесет екендігін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, БАҚ кеме ішінде тасымалданатын 18 мыңнан астам контейнер бар екендігі туралы жазды. Кеме көбінесе IKEA жиһазы мен тұтыну тауарларын тасымалдаған. Контейнерлерде балалар мен қарудың болғанына ешқандай дәлелдер жоқ",– деп жазылған фейктерді әшкерелейтін сайтта.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың 23 наурызында EVERGIVEN контейнер тасығышы Суэц каналында қайраңға батып, қозғалысты шектеді. Кеме 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04.30-да ғана қайраңнан шығарылды. Ол үшін оның бас жағынан 27 мың текше метр құм қазуға тура келді. Кейіннен, сағат 15.00-де кеме түбін тексеру үшін Тұзды көл рейдіне жіберілді. Бұл ретте әскери қызметкерлердің жүк контейнерлеріне тінту жүргізгені туралы деректер жоқ.