Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Бахрейн әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына қатынауға мүмкіндік берілетін болды.
"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалалары бойынша "әуе еркіндігін" пайдалану мүмкіндігі беріліп, рейстер санына қойылатын шектеулер алып тасталмақ. Рейстер саны күнделікті жиілікке дейін көбейген", – делінген азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметте.
Аталмыш уағдаластық нәтижесінде Бахрейн әуе компаниялары ұшу кодтарын қазақстандық компаниялармен бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауды жоспарлап отыр.
Комиеттің хабарлауынша, Финляндиямен де әуе қатынасын кеңейту бойынша келісім жасалған.
"Ашық аспан" режимі аясында екі ел арасында аптасына 14 әуе рейсі қатынайтын болды. Атап айтқанда, Хельсинки – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейс, Хельсинки – Алматы бағыты бойынша 7 рейс ұшады. Бұған дейін Finnair әуе компаниясының ұшақтары Нұр-Сұлтанға ғана қатынап келген", – делінген комиеттің делінген ресми ақпаратында.