Франция мен Жапонияда COVID-19 "британдық штаммын" жұқтырғандар анықталды

1067

Франция мен Жапонияда Ұлыбританияда таралған COVID-19-дың штамм түрін жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды, деп жазады еуропалық және азиялық БАҚ хабарлады. 

Франция мен Жапонияда COVID-19 "британдық штаммын" жұқтырғандар анықталды

Сонымен, Францияда COVID-19 вариациясы бір адамнан, ал Жапонияда - бес адамнан анықталды. Бұл адамдардың барлығы бұрын Ұлыбританияда болған. Жапонияда ауру жұқтырғандар карантинге жабылды, билік жақында олармен байланыста болған адамдардың кім екенін тексеріп жатыр.

Францияда COVID-19 "британдық" түрі Тур қаласында бір адамнан анықталды. Ол елге Ұлыбританиядан 19 желтоқсанда келді, екі күннен кейін оның жұқтырғаны расталды. Оның коронавирусқа тән белгілері болған жоқ.

Жексенбіден бастап Еуропаның көптеген елі жаңа COVID-19 штаммына байланысты Лондон мен Англияның оңтүстігінде шектеулерді күшейткеннен кейін, Ұлыбританиядан келетін саяхатшылар үшін шекараларын жапты.

Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың жаңа нұсқасы бастапқы штамға қарағанда 70% жұқпалы. Жапония Ұлыбританиядан үйіне оралатын азаматтарынан басқа қыдырып келушілерге шекраларын жапты. Францияда да кіруге де шектеулер бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу