Фристайл-могулдан FIS Open турнирі: Юлия Галышева жеңімпаз атанды

731

Дир-Вэллиде (АҚШ) фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Фристайл-могулдан FIS Open турнирі: Юлия Галышева жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы аталған жарыста алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева әйелдер арасында үздік атанды. АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отандасы Элизабет Лэми үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан құрамасының өкілі Аяулым Әмренова 15-ші, Анастасия Городко 41-ші орындардан көрінді.

Ал ердер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшылары жүлдені өзара бөлісті. Джоэл Хедрик көш бастаса, Коул Макдональд күміске, Алекс Льюис қола медальға қол жеткізді. Қазақстандық Павел Колмаков жетінші, Сергей Романов 15-ші және Антон Бонжарев 20-шы орындарға тұрақтады

.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу