Ғабидулла Оспанқұлов жаңа қызметке бекітілді

953

Ол 2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында – "Nur Otan" партиясының хатшысы қызметін атқарды.    

Ғабидулла Оспанқұлов жаңа қызметке бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Оспанқұлов Ғабидулла Абдуллаұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі. 

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) бітірген. Түрлі жылдары ҚР Парламентінде, Президент Әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. 

2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінде жұмыс істеді. 

2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу