Ғалымдар араны алмастыратын робот ойлап тапты

1201

Жаһандық жылынуға байланысты аралар әлем бойынша азайып, тозаңдану процесінің бәсеңдеу қаупі бар.

Ғалымдар араны алмастыратын робот ойлап тапты

Том политехникалық университетінің ғалымдары жаһандық жылынуға байланысты аралардың әлем бойынша азайып келе жатқанына алаңдап, тозаңдану процесін жүргізетін робот араларды жасауға кірісті, деп хабарлайды islam.kz.

2019 жылы  жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді тозаңдандыратын робот аралардың тұрқы алақанның аумағындай ғана болмақ. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының жаңа өндірістік технологиялар инженерлік мектебінің директоры Алексей Яковлев мәлім етті.

"Келесі жылы жасанды араларды жасауды ұйғарып отырмыз. Бұл - өсімдіктерді тозаңдандыратын ұшқышсыз ұшатын аппараттар үйірі. Біз бұл араларды, оның алгоритмдері мен басқару бағдарламаларын, сондай-ақ, позициядан ауытқымауы үшін бейнені тануға көмектесетін оптикалық жүйе мен тәсілдерді жасаймыз",- деді ол ойын нақтылап.

Бұл жобаға агрономдар да, бағдарламашылар да, робот техникамен шұғылданатын және автоматтандыру жөніндегі мамандар да тартылған.

Алғашқы 100 робот араны жасау үшін шамамен 100 млн рубл қаржы қажет. Инвесторлар іздестіріліп жатыр.

 Алексей Яковлевтың айтуынша, үлкен жылыжайларда тәулік бойы тозаңдату үшін аралар жіберілген. Әдетте қыс мезгілінде ұйқыға кететін осынау қанатты жәндіктер қыс айларында күн шуағын көз алдыңа әкелетін инфрақызыл жарық астында тозаңдатып шығады, ал күн жылынғанда еркіне жіберіледі. Алайда, бұл жылыжайда өнім алатындар үшін көп шығынды қажет етеді. Аралардың бір отбасының құны - 5000 долларға тарта қаражатты қажет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу