Оның мәліметінше, Қазақстанның гендерлік саясатын зерделеу және гендердік теңдікті нығайту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу өте маңызды.
"Гендерлік алшақтың индексінде Қазақстан білім көрсеткіші бойынша алғаш рет жоғары көрсеткішке жетіп, 38 позицияға алға жылжыды. Отбасылық және гендерлік тұжырымдамасы әйелдердің саяси-экономикалық мүмкіндігін арттыру мақсатында жетілдірілді. Әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанамдарын қолдауға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшылығында әйелдер санын 30%-ға дейін арттыруға, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, гендер тақырыбында ағартуды күшейтуге, ана мен баланы қолдауға басты назар аударылып келе жатыр", - деді спикер.
Сонымен қатар Парламенттегі әйелдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 30% квота берілді.
Әйелдер үшін тыйым салынатын мамандықтар тізімі жойылды. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін бір жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.