Германия канцлері Фридрих Мерц Берлинде Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьярмен кездесіп, оны Украинаға қатысты Еуропалық одақтың саясатын қолдауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
"Біз Мажарстандағы жаңа кезеңнің сәтті өтуіне көмектескіміз келеді. Будапешттің ең әуелі Украинадағы венгр азшылығының құқықтары секілді екіжақты мәселелерді нақтылағысы келетінін түсінеміз. Бірақ та бұл Киевке көрсетіліп жатқан еуропалық қолдауға кедергі келтірмеуі тиіс", – деді Мерц.
Бұл ретте Мадьяр келесі аптада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге дайын екенін білдірді. Десек те, ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру Украинадағы 100 мыңға жуық этникалық венгрдің құқықтарының қорғалуына байланысты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, ел үкіметі Украинаға қару-жарақ пен әскер жібермейді. Бұған дейін Петер Мадьяр Еуропалық одақ тарапынан Украинаға бөлінетін 90 миллиард еуро көлеміндегі несиеге Мажарстан қойған кедергіні алып тастаған.