Бұл туралы Verdi кәсіподақ хатшысы Ларс Стуббе DPA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Әуежайда жоспарланған барлық 123 рейс тоқтатылады және қонуы керек болған 121 ұшақтың кем дегенде 50-іне келуге рұқсат берілмейді деп күтілуде. Оған қоса біраз рейс кейінге қалдырылады.
Сонымен қатар, ереуілге байланысты 14 наурызда ұшатын жолаушылар 13 наурыз күні кешке өз рейстеріне алдын ала тіркеле алмайды. Ереуілдерге байланысты рейстері өзгеріске ұшыраған жолаушылардан Гамбург әуе айлағының басшылығы әуежайға келмеуді өтінді.
Verdi Солтүстік Германиядағы 2000-ға жуық әуе торабының қызметкерлерін шақырған ереуіл осы дүйсенбі күні кешке дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Гамбург мектептерінде көктемгі демалыс басталғанын ескерсек, ондаған мың әуе жолаушылары қиын жағдайда қалатыны анық.
13 наурыз күні таңертең Гамбургтегі әріптестеріне Ганновер әуежайы мен Берлин-Бранденбург Метрополитен айлағының (BER) қызметкерлері қосылды.
Verdi кәсіподағы федералды және коммуналдық деңгейдегі мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің жалақысын айына 10,5 пайызға және кем дегенде 500 еуроға көтеруді талап етеді. Өз кезегінде жұмыс берушілер екі кезеңде жалақыны біртіндеп 5%-ға арттыруды және қызметкерлерге €2500 көлемінде бір реттік үстемақы беруді ұсынады.
Тараптардың келіссөздерінің үшінші кезеңі 27-29 наурыз аралығында Потсдамда өтуі керек.