Грекияда парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті

416

Консерваторлар елді 2019 жылдан бері басқарып келеді.

Грекияда парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті Фото: eadaily

Грекияда қайта өткізілген парламенттік сайлауда "Жаңа демократия" партиясы 40,55 пайыз дауыс жинап отыр. Солшыл оппозициялық "Сириза" партиясы 18 пайыздан аз дауыс алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жексенбі күні өткен парламенттік сайлауда бұрынғы премьер-министр Кириакос Мицотакистің билеуші ​​консервативтік "Жаңа демократия" партиясы сенімді түрде жеңіске жетті. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бюллетеньдердің 99,61 пайызын санағаннан кейін оның 40,55 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды.

Екінші орында 17,84 пайыз дауыспен бұрынғы премьер-министр Алексис Ципрастың солшыл оппозициялық "Сириза "партиясы, үшінші орында "Пасок" партиясы (11,85 пайыз) тұр.

Грекияның сайлау заңнамасына сәйкес, бірінші орын алған партия кемінде 20 қосымша депутаттық мандат алады. Бұл "Жаңа демократия" партиясы Грекия парламентінде көпшілік, яғни 300-ден 158-ге жуық орынды жеңіп алуы мүмкін дегенді білдіреді.

Айта кетерлігі, бұл – Грекияда соңғы бес аптадағы екінші парламенттік сайлау. Алдыңғы, 21 мамырда өткен дауыс беру нәтижесінде де 40,79 пайыз дауыс жинаған "Жаңа демократия" партиясы жеңіске жеткен болатын. Алайда сол кезде оңшыл орталық коалициялық үкімет құра алмағандықтан, қайта сайлау тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу