Гүлмира Исаева француздың ет өндірушілер қауымдастығымен кездесті

915

Гүлмира Исаева француздың ет өндірушілер қауымдастығымен кездесті

Парижде (Франция) дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ХЭБ) 86-шы жалпы отырысы аяқталды. Отырысқа ХЭБ-қа мүше 180 ел мен халықаралық және аймақтық ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Сессия барысында Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметі Қытай, Иран, Түркия, Израиль және Жапонияның бас мал дәрігерлерінің қатысуымен екіжақты жұмыс кездесулерін өткізді. Тараптар мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан сыртқы нарықтарға экспорттау мәселелерін талқылады.

Мәселен, осы жылдың маусым айында сиыр етін ҚР ҚХР-ға экспорттауға қойылатын талаптар туралы хаттамаға, сондай-ақ Қазақстаннан Иранға сиыр еті мен ІҚМ экспортына ветеринарлық сертификаттарды келісу жоспарлануда.

Сонымен қатар, отырыс аясында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен ХЭБ бас директоры Моника Элуа келіссөз жүргізді.

Қазақстан тарапы республиканың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ХЭБ халықаралық стандарттарына сәйкес ауруларға, аймақтарға бөлу және бөліп-бөліп беру жөніндегі ресми мәртебесін алу жолындағы жоспарларымен бөлісті. ХЭБ сарапшылары, өз кезегінде, Қазақстанның бастамаларына консультативтік көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты.

Еске сала кетейік, ХЭБ шешіміне сейкес, Қазақстан аумағы аусылдан босатылған аумақ және жылқылардың африкалық оба аурынан босатудың ресми мәртебесін алған болатын. Бұл өз кезегінде, ДСҰ елдерімен тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасын өткізу мүмкіндігін береді.

Вице-министр Париж қаласында француз етін өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығымен кездесті. Қазақстан Республикасындағы ет саласының дамуы туралы презентацияның тұсаукесерінен кейін француз инвесторлары Ресей мен Қытай нарығына өнімдерді экспорттауға мүмкіндік беретін Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын құруға қызығушылық танытты. Әлемдегі ең ірі вакцина өндірушісі – Boehringer Ingelheim Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің аумағында кең таралған ауруларға қарсы жоғары сапалы вакциналарды өндіру мүмкіндігін қарастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу