Ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушылардан 900 млн теңге тартылды

919

Ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушылардан 900 млн теңге тартылды

"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры ҚР нарығында жер қойнауын пайдаланушылар мен инновациялық компаниялар ынтымақтастығының жаңа моделін ұсынады. Бұл модель бойынша инновацияларға деген сұранысты инновациялық өнімдердің басты тұтынушыларының бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар қалыптастырады.

Модель бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің нақты мақсаттары мен шарттарын белгілеп, Техникалық тапсырмаларын әзірлейді. Инновациялық компаниялар мен стартаптар берілген техникалық тапсырмаға сәйкес өз шешімдерін жетілдіреді. Сараптамалық бағалаудан өткен жобаларды қаржыландыру мәселесін тапсырыс берген жер қойнауын пайдаланушылар қарастырады. Осылайша, "ИТП" ДКҚ жер қойнауын пайдаланушыларға олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТҚЖ) жылдық жиынтық табыстарының 1%-ын бағыттау жөніндегі міндеттерін орындауға мүмкіндік алады, деп мәлім етті ҚР ИДМ.

2016 жылы "ИТП" ДКҚ жер қойнауын пайдаланушылардан 14 технологиялық тапсырма қабылдады. Орындаушылар іріктеуді "ИТП" ДКҚ веб-порталы, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар және инноваторлармен кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырды. Сонымен бірге, тапсырыстарға орындаушыларды іріктеу процесін тиімдірек жүргізу мақсатымен ағымдағы жылдың ішінде 4 рет Startup Day инновациялық байқауы өткізілді. Аталмыш байқаулардың барысында инновациялық компаниялар мен стартаптар өз шешімдерін жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік алды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында жер қойнауын пайдаланушылардан 874 526 106 теңге мөлшерінде қаражат жиналды. 13 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өндірістік мониторингті жүргізуге, қоршаған ортаға келтіретін әсерді бағалауға, жұмыс үдерісін оңтайландыруға бағытталған:

1.    Карьердегі машиналардың орналасуы мен километражын бақылау;

2.    Жыныстар үйіндісінің қауіпсіздік жағдайларының негізінде оңтайлы параметрлерді анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;

3.    Ғылыми зерттеу жұмыстары - көмір разрезіндегі эндогендік өртті сөндіру және алдын алу жөніндегі басшылық;

4.    Қауіпсіздік жағдайларын ескере отырып, карьердің жұмыстық беткейлерінің максималды параметрлерін далелдеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;

5.    Кен орнындағы техногенді минералды түзілімдерді тиімді жолмен рекультивациялау тәсілдері бойынша талдау әзірлеу;

6.    Көмір кен орнын игерудегі экологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалау;

7.    Жаңа технологиялық жабдықтарды орнату нәтижесінде энергиялық тиімділікті арттыру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

8.    Өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау;

9.    Қоршаған орта өндірістік мониторингі;

10. Кен орнының өнеркәсіптік игеру жобасын әзірлеу;

11. Метал теңгерімі мен материалдық ағындардың қозғалыс моделін оңтайландыру жұмыстарын жүргізу бойынша Техникалық тапсырма;

12. Жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін лабораторияда анықтай отырып, кен ошағындағы табиғи кернеулі күйі мен басты кернеу бағыттарын  анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы.

Атқарылған жобалар тапсырыс берушілердің жоғары бағасына ие болды. Қазіргі кезде жер қойнауын пайдаланушылардың кезекті технологиялық тапсырыстарын шешуге бағытталаған жаңа шарттар құрастырылуда. "ИТП" ДКҚ технологиялық тапсырыстарды қабылдау процесін одан әрі тиімдірек жүргізу мақсатымен қазіргі уақытта жер қойнауын қолданушылармен келіссөздер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осының нәтижесінде келесі жылы қаржыландырылған жобалардың санын 30-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу