Ерлан Бекқожин "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

1215

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова "Хабар" Агенттігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Ерлан Бекқожин  "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды, деп хабарлады khabar.kz.

Вице-министр Нұргүл Мауберлинова Алан Ғазизұлы Әжібаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Ерлан Қалижанұлы "ҚР Президентінің Телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарып келген.

Ерлан Бекқожин – журналист, заңгер. Отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді (1985 жыл), Орталық Азия университетін бітірген (2000 жыл). Университетті бітіргеннен кейін Қазақ радиосының "Панорама дня" жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші (1985-1992 жылдары), Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары (1992-1994 жылдары), "Хабар" агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1994-1996 жылдары), "Хабар" агенттігі "Жеті күн" ақпараттык бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі (1996-1997 жылдары), ОРТ-дағы "МИР", "Вместе" МТРК бағдарламасының жүргізушісі (1997-1998 жылдары), "МИР" МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры (1998-2003 жылдары), "Литер-Мedia" ЖСШ бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттерінің редакциялық кеңесінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу