Халықаралық азаматтық авиация агенттігімен келісім жасалды

1083

Енді Қазақстанға ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарын енгізуге британдық агенттіктің жетекші еуропалық сарапшылары техникалық қолдау көрсетеді.

Халықаралық азаматтық авиация агенттігімен келісім жасалды

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мен Ұлыбританияның Халықаралық азаматтық авиация агенттігі (UKCAAi) техникалық қолдау көрсету туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Лондонда (Ұлыбритания) Халықаралық азаматтық авиация агенттігі (CAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында азаматтық авиацияны реттеудің британдық үлгісіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы келісім жасалды. Жаңа реттеу жүйесі қазақстандық әуе көлігі секторының өсуіне қолдау көрсетіп, Қазақстанның авиация индустриясының жаһандық ойыншы болуына негіз болады.

Келісім аясында алдағы 12 ай ішінде Ұлыбританияның азаматтық авиация агенттігінің (UK CAA) реттеу жөніндегі сарапшылары Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне (ҚАӘ) қолдау көрсетеді және Қазақстандағы заңнаманы талдап, EASA/ЕО ережелерін одан әрі енгізу және оларды UK CAA моделімен келісу жолдарын ұсынатын болады.

Екінші жұмыс кезеңі Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдық құрылымына арналып, онда UK CAA үлгісіне сәйкес ұсынымдар беріледі. Халықаралық азаматтық авиация агенттігіне (CAAi) ҚАӘ техникалық персоналын оқыту қажеттіліктеріне талдау жүргізу тапсырылған.

"Біз қазақстандық әріптестерімізбен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз және біз ҚАӘ -ті қолдауға ниеттіміз. Қазақстан әуе көлігі секторын үнемі жетілдіруге зор талпыныспен қарайды және осы жолда біз үшін жетекші рөл атқару өте маңызды. Географиялық жағынан Қазақстан екі алып авиациялық нарық ортасында орналасқан, сондықтан транзиттік қосылыстардың көп санын тарту, сондай-ақ оның халықаралық желісін кеңейту үшін үлкен әлеуеті бар. Мұны қадағалау үшін Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы жетілдіре түсіп, бұл Қазақстанға авиациядан келетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді", – деді CAAi Халықаралық даму бөлімінің басшысы Маттийс Смит.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, осы ұйымның негізгі қызметі авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, ИКАО стандарттарына сәйкес персоналды оқыту болып табылады.

"Енді Қазақстанға ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарын енгізуге британдық агенттіктің жетекші еуропалық сарапшылары техникалық қолдау көрсетеді", – деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.

Жобаның алғашқы кезеңі 2019 жылдың қазан айында басталады. Екінші кезеңде бесжылдық стратегиялық жоспар және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жоспар әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу