Халыққа несие беру жағынан Қазақстан Ресейден екі есе артта қалып келеді

1077

Қазақстанда тұтынушылық және ипотекалық қарыздардың барлығының көлемі 8,2 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Халыққа несие беру жағынан Қазақстан Ресейден екі есе артта қалып келеді

8,2 трл теңге – бір ай бұрынғы көрсеткіштен 3,3%, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,8% көп. Бұл соманың ішінде тұтынушылық несиенің үлесі 4,8 трлн теңге болса, ипотекалық қарыздардың көлемі 2,5 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ипотекалық қарыздар бір жылда 35,5% өскенін атап өту керек.

"Сегменттің дамуына, екінші деңгейлі банктер тарапынан бөлшектік несиенің көбейгеніне, жаңа өнімдердің пайда болып, тауарлы несиелер секторының артуына, автонесиелеу мен ипотеканы артуына қарамастан Қазақстанда халықты несиелеу көлемі Ресей мен басқа елдерден қарағанда едәуір төмен", - дейді зерттеушілер.

Мәселен, 2020 жылы жеке тұлғаларға берілетін несиелердің барлық түрінің ЖІӨ түсіміндегі үлесі 10,7% пайызды құраса, көршілес Ресейде 18,7% жетті. Армениядағы көрсеткіш бұдан да жоғары: жеке тұлғалардың несиелерінің ЖІӨ түсіміндегі үлесі 26,9% құраған. Бұл тұрғыда ең аз көрсеткіш Қырғыз

Республикасында екенін атап өту керек (2,9%) Қырғыз елінде несие нарығы мен қаржылық жүйе дами қоймаған. Сонымен қатар бұл елде экономикалық одақтағы елдердің бәрінен қарағанда айлық пен халықтың табысы төмен.

Қазақстанның экономикалық ауқымындағы несиелеудің жалпы деңгейі Ресеймен ғана емес, жалпы әлем елдерімен салыстырғанда аса жоғары емес. Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сәйкес, "коронадағдарыс", яғни 2019 жылға дейін елде несиелердің бәрінің жиынтық көлемінің ЖІӨ түсіміндегі үлесі 9,74% құраған еді. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу