Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығына орай 100 теңгелік монета шығарылды

1325

Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығына орай 100 теңгелік монета шығарылды

Үстіміздегі жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Х.Ерғалиға 100 жыл" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескерткіш монеталардың алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Айта кетейік,  Хамит Ерғали – қазақ ақыны, Қазақ КСР-ның халық жазушысы. Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен, басқа да ордендермен және медальдармен наградталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу