Холдингтің еншілес компанияларынан 81 мың адам қарыз алды – Сапархан Омаров

509

9 айда 26,5 млрд теңге жұмсалып, 19 жоба іске қосылды.

Холдингтің еншілес компанияларынан 81 мың адам қарыз алды – Сапархан Омаров

"ҚазАгроның" еншілес компаниялары арқылы 2020 жылдың 9 айында агроөнеркәсіп кешеніне 325 млрд теңгеден астам қаржы құйылды. 

"2019 жылы "ҚазАгроның" агроөнеркәсіп кешенін кредиттеу көлемі шамамен 449 млрд теңгені құрады. Бұл – холдинг жұмыс істеген барлық жылдардағы ең жоғары көрсеткіш", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл көктемгі егіс жұмыстарына кредит беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қарыз алуға мүмкіндік берді. Былтыр шекті мөлшерлеме 7% болды. 

"Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты жеңілдетілді. Кепіл мүлкі белгіленген коэффициент бойынша бағаланатын болды. Инвестициялық жобалар бойынша "ҚазАгро" холдингі жалпы құны 650 млрд теңгені құрайтын 797 жобаны қаржыландырды. Оның ішінде 2020 жылдың 9 айында 26,5 млрд теңге жұмсалып, 19 жоба іске қосылды. Ауылдық елді мекендерде 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Холдингтің еншілес компанияларынан 81 мың адам қарыз алды", – деді Сапархан Оаров. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу