Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Екінші айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен ол жерде өзімді "Хуторский 95" деп таныстырған жоқпын. Мен 1996 жылғымын. "Денсаулық қойып тастайсың" деген әңгіме болған жоқ. Ондай сөз ешқандай іс құжатта жазылмаған. Мен бұрын-соңды сотталмағанмын. Мәселені ушықтырмай кету керек болғанбыз", - деді айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев.
Бұған дейін сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелес қалай басталғанын айтып берген болатын. Сотталушы Шерзаттың 16 жаста екенін білмедім деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу