ІІМ жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады

418

Елімізде қарашаның 10-11 аралығында 49 жол-көлік оқиғасы болып, онда 9 адам қаза тауып, 53 адам дене жарақатын алды.  

ІІМ жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады

Соңғы уақытта ауа райының нашарлауына байланысты елді мекендерден тыс автожолдарда жүре алмай қалған көлік құралдарын табу жағдайлары жиілеп кетті.

Көбіне автокөлік құралдары күн салқын, боран және бұрқасын болғанда, жолаушылармен бірге елді мекендерден қашықта болады, соның салдарынан уақтылы көмек көрсетуге кедергі туындайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілерді көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау қажеттілігі туралы ескертеді. Атап айтқанда:

- Көлік құралының дөңгелегін ауыстыру ;

- құтқару қызметінің ескерту хабарламаларына назар аудару;

- қозғалыс кезінде қашықтықты сақтау және т. б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу