Индонезияда Мерапи жанартауы бір айда екінші рет атқылады

352

Билік адам шығынын болдырмау үшін ірі әуежайды жапты.

Индонезияда Мерапи жанартауы бір айда екінші рет атқылады Фото: Anadolu Agency

Индонезияда бір айда екінші рет ірі Мерапи жанартауы атқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Бейбіт тұрғындардың құрбан болғаны немесе инфрақұрылымға зақым келгені туралы ақпарат әзірге жоқ. Дегенмен, билік жергілікті тұрғындар мен туристерге жанартау аймағынан аулақ жүруді ұсынады.

Желтоқсан айының басында Мерапи тауының атқылауы салдарынан 23 адам, оның ішінде 11 турист қаза тапты. Апат аймағынан тағы 50 альпинист құтқарылды.

Индонезияның Суматра аралында орналасқан Мерапи әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі болып табылады.

Индонезия жер сілкінісі мен жанартау атқылауы жиі болатын "Тынық мұхиттық от сақинасында" орналасқан.

Айта кетейік, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартаулар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу