Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай және КВИ-мен күресу бойынша қабылданған шаралар туралы айта отырып, елде 4 млн астам ПТР тест тапсырылғанын айтты.
"ПТР тестілеу қуаты қазір тәулігіне 90 мыңға дейін жетті. Күн сайын зертханаларда 40 мыңдай тест жасалады. Яғни зертханалардың резервтік қуаты 50 мыңға жетті. Бүгінгі күні инфекциялық аурулар үшін 15 мыңға жуық төсек-орын дайын. Бұл барлық төсек-орынның 22%-ы. Ал реанимациялық төсек-орындардың 16%-ында ғана науқастар жатыр. Карантиндік стационарларда 6 886 төсек-орын бар. Республика бойынша олардың тек 3,8%-ында пациенттер жатыр. Қажет болған жағдайда, 51 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын әзірленеді", – деді министр.
Нұржан Көшкін