Instagram-ға отандық әндер қайта оралды

212

Желі қолданушылары бұл туралы жарыса жазып жатыр. 

Instagram-ға отандық әндер қайта оралды Фото: instagram

Бірнеше айлық үзілістен кейін Instagram желісіне қазақстандық әндер қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күні кеше қазақстандықтар Instagram-дағы бұрынғы жазбаларында отандық әндердің қайта оралғанын байқаған. Олар өздерінің бұрынғы stories пен публикацияларын салыстырып көрген. Кейбірі әндердің белгілі бір бөлігі оралмағанын, алайда әндер тізімі толықтырып жатқанын айтқан.

Осыдан бірнеше ай бұрын Инстаграмнан қазақ әндері жоғалып кеткен болатын. Meta мен қазақстандық авторлар ортақ келісімге келе алмай жатқаны белгілі болды. Әділет министрлігі мұны Мeta мен отандық ұйымдардың бірі арасында құқықтарды ұжымдық басқару (өтемақы) бойынша уағдаластықтардың болмауымен түсіндірді.

Айта кету керек, Әділет министрлігі қазақ әндерін инстаграмға қайтарудың жолын тапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу