"Украинаның халықаралық әуе жолы" компаниясына тиесілі Boeing 737 лайнерінің апатқа ұшырауынан 176 адам қаза тапты. Бұл Украина тарихында болмаған апат.
Қайғылы оқиғадан кейін Boeing деп аталатын америкалық компанияның акциялары 1,8%-ға төмендеді.
Бір қызығы, бұрын екі әуе апатына ұшырап, оның қолданылуы әлем бойынша тоқтатылған Boeing 737 MAX лайнері осы Boeing 737 негізінде жасалған екен.
Reuters агентігінің дерегіне сүйенсек, Тегеран маңында украиналық ұшақтың жерге құлауына техникалық ақау себеп болған көрінеді. Сондай-ақ лайнер қозғалтқыштарының бірі қатты қызып кеткен деген болжамдар да бар.
Тегеран әуежайының өкілдері де апат қозғалтқыштың өртенуімен байланысты деп отыр.Ал Украинада осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Табиғат Нұрболат